Мирный ауылдық округінің әкімі халық алдында есеп берді

0 29

Бүгін аудан ауыл әкімдерінің бірлескен қорытынды есебі Мойынқұм ауданы, Мирный ауылдық округінде өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жиында округ әкімі Ғани Тілешов ауылдағы әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, білім, денсаулық мәдениет салаларына тоқталып, 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы» аясында ауылдағы В.Терешкова атындағы орта мектебінің ішіне әжетхана орнатылып, мектеп аумағы қоршалып, ауыл жастары үшін шағын футбол алаңшасы қолданысқа берілгенін айтып өтті.

Сондай-ақ, аудан әкімі Мәден Мұсаев дүниені дүрліктірген Covid-19 індеттінің қазіргі жағдайын атап, сақтық шараларын орындауға шақырып, аудан бойынша атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндады.

Жиын соңында ауыл тұрғындарының ұсыныс-сауалдарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша нақты жауаптар берді.

Сонымен қатар кездесуде аудандық полиция бөлімінің басшысы Жарас Тохабаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Бақыткүл Қалымбетова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мейірхан Төлеулиев және аудандық орталық аурухананың бас дәрігернің орынбасары Тұрсынкүл Рыстанбаевалар өз салалары бойынша анықтама берді.

Есепті кездесуге аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов және тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.