Жамбыл ауданы Ерназар ауылында коронавирустың бір де бір дерегі тіркелмеген

0 6

Пандемия басталғалы Жамбыл ауданына қарасты Ерназар ауылында коронавирустың бір де бір дерегі тіркелмеген, деп жазады “ZhambylNews” AA.

Бұл — індеттің алдын алу мақсатында Жамбыл ауданында жүйелі түрде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесі дейді тұрғындар.

Ерназар ауылдық округіндегі 796 аулада 1697 адам тұрады. Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Оқушылар үшін білім ордасы, бүлдіршіндерге бөбекжай, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі мен кітапхана жұмыс істейді. Елді мекенде 75 шаруа қожалығы тіркелген болса, оларға
2471 гектар жер телімі берілген. Округ бойынша тұрғындардың меншігінде 1426 бас мүйізді ірі қара, 16768 бас қой-ешкі, 818 бас жылқы, 92 бас түйе, 2100 құс тіркелген. «Әлемді әбігерге салған індет әзірге ауылымыздағы жоқ, бұл сақтық шараларын қатаң ұстануымыздың нәтижесі,-дейді ауыл әкімі:

— Ауылда короновирус дертінің бір де бір дерегі тіркелген жоқ. Тіркелмеуі үшін күш салып, рейд шараларын өзім бастап ұйымдастырып жүрмін.
Ауылдағы мешітте күніне бес мәрте халыққа індеттен сақтану жолдары құлағдар етілсе, әлеуметтік нысандарға жаднамаларды жаппай ілдік. Көрнекі жерлердегі баннерге карантин талаптары жазылған үнпарақтарды жапсырдық. Учаскелік полиция қызметкерлерінің көлігіндегі дыбыс ұлғайтқыштың көмегімен бетперде тағу, арақашықтықты сақтау керектігін көше бойымен хабарладық. Қандай да бір сырқат белгілері анықталған науқастың бірден дене қызуын өлшеп, дәрігерлермен бірге үйді-үйділерге жедел жеттік. Бәлкім сақтық шараларына ауыл болып көңіл бөлгеннен болар, бұл індеттен аманбыз, — деді Мырзахан Жақсылықұлы.

Әкімнің сөзін көшеде шаруалармен жүрген көпшіліктің жаппай бетперде тағуы дәлелдей түскендей. Осындайда, ауылдың ауызбіршілігі мен сақтық шараларына деген көзқарасы басқа елді -мекендерге де үлгі болғай.

Leave A Reply

Your email address will not be published.