Облыстағы 73 мектептен тыс мекемеде 67715 бала қосымша білім берумен қамтылған. Жалпы облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрімен қамтылған оқушылар үлесі — 92,9%-ды құрайды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталық базасында «Taraz junior park» технопаркі ашылып, онда 108 оқушы түрлі үйірмелермен қамтылған.
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, үйірмелерге 36110 бала қашықтықтан, 27754 бала штаттық режимде қамтылса, 3851 бала жекелей (индивидуально) түрлі үйірмелерге қатысады.
Штаттық режимде жұмыс істейтін қосымша білім беру мекемелерінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған. Қазіргі таңда барлық қосымша білім беру мекемелері дезинфекциялық қажетті құралдармен толықтырылған.