Бүгінгі күні облыс мектептерінде 26632 педагог қызмет атқарады. Оның 24656-сы жоғары білімді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 23989 педагогтың лауазымдық жалақысына 30% үстемақы қосылса, педагогикалық-шеберлік санаты үшін 14286 мұғалімге 30-50%қосымша ақы төленуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті облыс педагогтарына қашықтан оқытуда әдістемелік көмек көрсету мақсатында 200-ге жуық іс-шара өткізіп, оған облыстағы 21 418 (81,8 %) педагог қамтылды.
Бұдан бөлек, қашықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Youtube желісінде 18 канал ашылып, үздік педагогтардың 736 бейнесабағы жарияланды.