Оқу жылының ІІ-семестрінен бастап колледждердегі 1 курстың 5659 студенті аралас формата оқуда. Яғни колледждерде пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтықтан оқытылса, 2-4 курстардың 14018 студенті қашықтықтан оқытылуда, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
2020-2021 оқу жылында 46 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 61 мамандық бойынша 3703 орын мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді. Оның 66,1 % жұмысшы мамандықтарына бөлінген.
Жалпы облыстағы колледждерде 23 700 студент 93 мамандық 138 біліктілік бойынша білім алуда. Оның ішінде 39 колледжде 19561 студент қашықтықтан, ал ауылдық елді мекендерде орналасқан 7 колледжде 1298 студент штаттық режимде оқуда.
Колледждерде оқу процесін ұйымдастыру жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша жүзеге асырылуда.
Дуальдық оқыту жүйесі облыста 39 колледжде 59 мамандық бойынша енгізілген. Биылғы оқу жылында 245 кәсіпорынмен үшжақты келісімшарт жасалып, студенттердің 66,5% жұмыспен қамтылып отыр.