Борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту

0 2

Жамбыл облысы, Жамбыл және Шу аудандық көлік прокуратураларының ұйымдастыруымен «Борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуға қатысты» Zoom бағдарламасы арқылы онлайн режимде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Шу аудандық сотының судьясы, көлік прокуратуралары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, Жамбыл және Шу аймағы бойынша ЖПБ-ң, пробация және жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Бас прокуратураның бастамасы бойынша 2020 жылғы 11 желтоқсанда Жоғарғы сот «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 нормативтік қаулыға өзгеріс енгені, тұлғаларды жауапкершілікке тарту, атқарушылық құжаттарды қабылдаудан негізсіз бас тартуды болдырмау, соттарға жіберілетін материалдардың толықтығы, атқарушылық құжаттарды жіберу кезінде туындайтын мәселелерді және құжатты жеке сот орындаушылармен орындауды қамтамасыз ету мақсатында борышкер бірнеше рет шақырылады, қарызды төлеу қажеттігі туралы ескерту алады, алайда, сот орындаушылар мүлдем борышкерлермен еленбеуі бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып тұрғандығы талқыланды.
Қатысушылар пікір алмасып, заңнаманың кейбір нормаларын талқылап, судьяның түсіндірмелерін алды, сонымен қатар алдағы уақытта жұмыспен қамту орталығының өңірдегі бос орындар жәрмеңкесін өткізіп, борышкерлерді жұмыссыздар есебіне қою жұмысын одан әрі жандандыру қаралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.