Жамбыл ауданында 150-ге жуық азамат екпе салдырды

0 10

Жамбыл ауданында екпе егу шараларына қараша халық белсенділік танытуда. Қазірде өңірде 150-ге жуық тұрғын екпе салдырды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде 1 ақпаннан бастап қазақстандықтарға екпе салына бастады. Коронавирусқа қарсы екпе 21 күн аралықта екі кезең бойынша жүргізіледі. Яғни, бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін енгізуге байланысты қысқа қорғаныс әсерін берсе, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді.

«COVID-19» індетінің екпінін қайтару мен ұжымдық тұрақты иммунитет қалыптастыру үшін екпе салдыру өте маңызды. Екпе егу 18-ден 64 жасқа дейінгі азаматтарға жүргізіледі.

— Ерікті түрде екпе салдыру арқылы жақындарымыздың өмірін сақтап қаламыз. Ал, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдар екпені 6 айдан кейін салдыруға болатынын ескерген жөн. Сондай-ақ, науқаспен байланыста болған азаматтар карантин мерзімі біткеннен кейін екпе салдырғаны абзал. Елімізде әзірге ресейлік «Спутник-V» препараты қолданылуда. Ол жүкті әйелдерге, ауыр дәрежелі аллергиясы бар адамдарға, вакцина құрамындағы заттарға сезімталдығы жоғары жандарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға салынбайды. Емханаға келген екпе алушыларды дәрігерлер қабылдап, олардың денсау­лық жағдайын тексереді. Эпидемио­логиялық аналезін жинақтап, вак­ци­на қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімінің жоқтығына көз жеткі­зеді. Ең алдымен пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Одан әрі екпе алу бөлмесіне жіберіледі. Онда дәрігер вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шарасы туралы айтып, вакцина еккеннен соң жеңіл немесе орташа дәрежеде жағымсыз әсерлердің үш күн ішінде болуы қалыпты жағдай екенін түсіндіреді. Екпе алып болған соң 30 минуттай медициналық бақылау аймағында дәрігердің қадағалауында болады. Бүгінде аудандық орталық емханада вакцина салу үшін 2 екпе егу бөлмесі мен 1 екпеден кейінгі бақылау бөлмесі арнайы жасақталған. Олардың барлығында профилактикалық екпе жұмыстарын жүргізудің стандарты бекітілген. Иммундау үшін медицина мамандары арнайы курстан өткен. Осы күнге дейін орталық емханаға «Спутник-V» вакцинасының 350 дозасы жеткізіліп, оның 143-і медицина қызметкерлеріне салынды. Алғашқылардың бірі болып өзім салдырдым. Қазіргі таңда екпе алғандардың денсаулықтары бірқалыпты. Біздің әркез бақылауымызда. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, сақтық шараларын қатаң сақтап, баршаңызды ерікті түрде вакцина салдыруға шақырамын. Бүгін аудан педагогтарына екпе егідуде. Бүгінен басталған вакцинациялауға 10-нан аса мұғалім екпе салдырды. Олардың денсаулығы қалыпты,- дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.