Сарысуда төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ашық есік күндерін өткізді

0 5

Сарысу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №16 Өрт сөндіру бөлімінде «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында ашық есік күндерін өткізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірі бөлімінің «Ашық есік күніне» Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Жиын барысында оқушылар өрт техникасының, өрт-техникалық қару жарағының және оларды қолдану мақсатымен таныстырылды.

Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттар беріліп, Төтенше жағдай орын алғанда ең алдымен не істеу керек? Кімді көмекке шақыру керек? Оттан өзімізді қалай алып шығамыз? — деген сұрақтар төңірегінде кеңінен сұхбат жүргізілді.

Айта кетейік, акция қандай да бір төтенше жағдай орын алғанда алғашқы іс әрекеттерді біліп жүрсін деген мақсатта жүргізіліп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.