Кешеден бері үздіксіз жауған қалың қардың біраз әбігерге салғаны рас. Сарысулық жастар аудандағы көшелер мен жолдарды, ақсақал, ардагерлердің үйін тазалап беруде, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
«Қарттарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
Осы қоғамның іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас буынға үлгілі, өнегелі тәрбие беретін, елжандылыққа баулу сияқты моральдық нормалардың бастауында қазыналы қарттарымыздың тұрғанын әрқашан есте ұстауымыз қажет.
Сонымен қатар еліміздің жас азаматын отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары үлгі. Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық.
Осы орайда Сарысу ауданында жастар ресурстық орталығы белсенді жұмыстар атқаруда.
Жолдар жабылып, аудан тарапынан жолда қалған көліктер мен адамдарға көмектер көрсетілді. Осындай қиын-қыстау сәтте қандай болмасын шын ниетпен жасаған жақсылықтың үлкен кішісі болмасы анық.
Жастпр ресурстық орталығының басшысы Жадыра Жұмағұлованың тікелей ұйытқы болуымен осы жылдар ішінде жастардың жалынды істері көзге де түсіп жүр.
Міне, осындай жалынды жастар
Қала ардагері, Сарысу ауданының құрметті азаматы Өмірзақ Сержанов, Сарысудың еңбек ардагері Ордабек Қоңырбеков аталарымыздың үйіне барып, есік алдындағы қарды күреп берді.
Ақсақалдар ақ батасын беріп, «Айналайындар ау»,-деп балаша мәз болып, батасын берді.