Жамбылдық өрендер планетаны пластиктен құтқаруға үлес қосуда

0 5

Бүгін NIS жүйесінде көктемнің игі дәстүріне айналған Наурыз кездесулерінің 3-ші күні өтуде. Осымен оныншы рет ұйымдастырылған шараның биылғы тақырыбы жер шарының жасыл болашағы мен экологиялық мәдениетке арналды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жылдың басты кездесуіне Жамбылдан жиырма өрен қатысуда. Олардың 10-ы Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушылары болса, 10-ы аймақтың жалпы білімі беретін мектептерінен.

– Вебинарлар тақырыбы өте өзекті. Оларды тыңдай отырып, түрлі идеялар ойыма келді. Мәселен, мектебімде пластик, қағаз, шыны секілді қалдық түрлерін сұрыптап, оларды екінші рет қолданысқа енгізу бойынша жобаны қолға алмақпын! — дейді Шу ауданы Е.Бекмаханов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нуриля Әлдібай.

Алғашқы күні оқушылар Назарбаев университетінің профессоры Даниэль Тозидің «Пластикалық оптикалық-талшықты датчиктер: химия, медицина және одан тыс жаңа датчиктер үшін пластикалық материалдарды пайдалануы», Rocket PLastic негізін қалаушы, Open Mind Technologies IT компаниясының басшысы Данияр Бакимовтың «Пластикке екінші өмір сыйла» вебинарларын тыңдады.

Екінші күн «Greenup.kz» қоғамдық қорының негізін қалаушы, «Recycle Birge» жасыл жобасының авторы, экологиялық жауапкершілік мәселелері жөніндегі бизнес-кеңесші Алия Сальменованың вебинарынан бастау алып, Сәтпаев университетінің докторы (PhD) Азамат Ешмұхаметовтың «Мехатроника және роботтарды құрастыру» тақырыбымен жалғасты.

– Бүгінгі күннің тапсырмаларының бірі қоқысты тазартып, әрі оны сұрыптайтын робот бағдарламасын жазу болып табылады. Мұнда мехатроника және робот құрастыру бойынша тыңдаған вебинарлар теориялық жағынан зор пайдасын тигізуде, – деген ойымен бөлісті тараздық NIS оқушысы Саят Әбдіқұл.

Leave A Reply

Your email address will not be published.