Мойынқұм ауылында Наурыз мейрамы бірнеше жерде атап өтілді

0 7

Мойынқұм ауданының орталығы Мойынқұм ауылында Наурыз мейрамы бірнеше жерде атап өтілді, — деп хабарлайды “ ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мәдениет үйінің залында «Армысың-Әз-Наурыз» концерттік бағдарламасы Қызыр бабаның батасымен басталды. Мәдениет үйінің фойесінде «Домбыра party» шарасы мен аудандық қолөнершілер жасаған бұйымдарының көрмесі өтіп жатты.

Аудан орталығындағы Спорт кешенінде аудан спортшыларының қатысуымен тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, гір көтеру, асық ату сынды ұлттық ойындар өткізіліп жатса, аудандағы білім беру мекемелерінде және кітапханаларда ұлттық салт дәстүрлер дәріптеліп, қыз ұзату, құда түсу, тұсау кесу, бата беру, бесік той, сүйінші сұрау т.б түрлі қойылымдар көрсетіліп Наурыз мерекесінің көркін келтіріп жатты.

Өткізілген барлық шаралар санитарлық талаптарға сай жасалынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.