Сарысу ауданының әкімі ардагерлермен кездесті

0 8

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандық «Коворкинг» орталығында аудандағы Семей, Чернобыль апатынан зардап шегушілер мен Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кездесуде аудан әкімі басты мақсат сіздермен танысу, қоғамдық кеңестер мен ұйымдар бойынша атқаратын жұмыстар мен жоспарлы іс-шаралар және проблемалық мәселелер болса, ақылдасып шешуге және тыңдау деді.

Содан соң «Таң нұр Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жеңісбек Әмірбековке берілді.

Келесі сөз алғандар Чернобыль апатынан зардап шегушілер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Амангелді Ускенбековке,«Тәуелсіздік таңы — Желтоқсан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Сарысу аудандық филиалы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Нұржан Есмахановқа өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында аудан басшысы:

— Бірлігі мен берекесі жарасқан аудан халқының әл – ауқатын әрі қарай жақсартуға, әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты дамыту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Келгендеріңізге үлкен алғыс білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.