Жамбыл ауданында 3500 түп ағаш отырғызылды

0 0

Жамбыл ауылдық округі аумағына «Казфосфат» өндірістік компаниясының бастамасымен 3500-ге жуық ағаш егілді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

 «Бір тал кессең, он тал ек», «орман – жердің өкпесі» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Барша жұртты жұмылдыратын құптарлық әрекет адамдарды табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятады. Егілген ағаштың ауа алқабына тигізер пайдасында айтпасақта түсінікті.

Игілікті іске компания өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысып, белсенділік танытты.

Ауыл әкімі Бахыт Садырбаевтың айтуынша, осы күні 2500 қара ағаш, 500 үйеңкі, 500 ерен ағашы отырғызылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.