Ағымдағы жылы Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округі, Гранитогорск ауылында жобалық құны 250,0 млн. теңгені құрайтын «Bester Yard» ЖШС-нің «Инновациялық балық шаруашылығы және балық өндірісі» жобасы іске асырылады деп күтілуде. Жобаға сәйкес, балық өндіретін 5 ғимараттың құрылысы жүргізілетін болады, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы жылына 200 тонна балық өндіру (бекіре, сом). Бүгінгі күнгі 2 га жер телімі алынып, учаскеде жер қазу және дайындық жұмыстары, сондай-ақ құрылыс материалдарын сатып алу жүргізілуде. Кәсіпорынға 100 Квт уақытша электрмен жабдықтау желісі жүргізілді.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында, жетіспейтін инфрақұрылым жүргізу тетігі бойынша электр желісін тарту жоспарлануда. Жоба іске асқан кезде 45 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.