Мойынқұмда «Жас Жазылбекшілер комсомол бригадалары» мүшелерімен кездесу кеші өтті

0 4

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Биназар ауылдық клубы қызметкерлері екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай «Жаз-атаның жайлауында» тақырыбында «Жас Жазылбекшілер комсомол бригадалары» мүшелерімен кездесу кешін ұйымдастырды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Іс-шара қазіргі ұрпақпен Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолына саяхат.
Құндылықтарды дарыту. Қазақстанның көрнекті тұлғаларын, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата — бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараны Биназар ауылдық округі әкімі Бағдат Наурызбаев ашып, Жаз-атаның өмірі мен жетістіктеріне қысқаша тоқталып, келген қонақтарды Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерей тойымен құттықтады.

Бұдан кейін жас жазылбекшілер бригадасының, бұрынғы Көктерек совхозы, Коминтерн бөлімшесінде құрылған «Хантау» бригадасының мүшелері атап айтсақ: бригада жетекшісі — Анаркүл Шыныбалаева, бригада мүшелері- Мұхан Мұсатаев, Талмагүл Тұрғанбаева, Дариғаш Әбілхаева, мал дәрігері Назымхан Тайлақбаев және жылқышы Рәткүл Қыдырбаевалар арнайы жайылған ақ дастарған төріне шақырылды.

Отырыста ауыл имамы Қуаныш Есқараев қол жайып, шопан атаның әруағына құран бағыштады. Ақ дастархан басында қонақтармен сыр-сұхбат болып, бригада мүшелері қалай құрылғандығынан бастап, мал баққандағы бастарынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, кезінде мал бағып жүріп, орындайтын әндерінде шырқап берді.

Кездесу кешін тамашалауға келген оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына, Жаз-атаның беймәлім беттерінің парақтарын ашқандай толық мәлімет беріп, сұрақтарына орнықты жауап берді. Іс-шара соңында кештің құрметті қонақтарына арнайы сыйлықтар табыс етіліп,
сыр-сұхбатқа толы кездесу кеші бригада мүшелерінің орындауында «Жазылбекшілер маршы» әнімен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.