Талас ауданының әкімі 100 отбасыға ауызашар берді

0 21

Қасиетті Рамазан айында Талас ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы ниет етіп ораза тұтқан қала тұрғындарына ауызашар берді. 100 отбасыға арналған ауызашар тағамдарын Қаратау «Қажы би» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Әлиев таратты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жаһанды жаулаған пандемияның салдарынан биылғы Рамазан айы өкінішке орай қиыншылықпен өтетін болғандықтан, жамағатты жиып ауызашар беру қауіп туғызатыны белгілі. Сол себепті ауызашар тағамдары арнайы пакеттермен үйді-үйге таратылып берілді.

Облысымыз коронавирус инфекциясының таралуы бойынша сары аймаққа енгендіктен, адам жинап ауызашар беруге болмайтындығын ескертеміз. Өз өміріміз үшін қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанайық. Саулық — сақтықта екенін естен шығармайық.

Алла тілектеріңізді қабыл етіп, дендеген дерттен аман-есен құтылуды жазсын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.