Педро Эуженио: Қазақстан құрамасында ойнауға қарсы болмас едім

0 4

«Тараз» ойыншысы «Ақжайықпен» өткен ойында әдемі гол соғып, матч қаһарманы атанды. Футболшы қазір төрт гол соғып, чемпионаттың сұрмергендерінің қатарында тұр. Ол клубтың баспасөз қызметіне өткен кездесу туралы пікір білдіріп, Қазақстан ұлттық құрамасы туралы сұраққа жауап берді.

— «Ақжайықпен» ойын қиын өтті. Қапталдан қапталға ұзақ пастар беріп, айып алаңына жиі доп жеткізіп, өз алаңымызда ыңғайсыз сезімде қалдыруға тырысты.

— Сіз осымен қатарынан төрт ойында гол соқтыңыз. Оның екеуі командаға жеңіс әкелді. Өзіңізді қаһарман ретінде сезіндіңіз бе?

— Жоқ, олай сезінбедім. Команда 90 минут бойы тер төгеді, еңбектенеді. Бастысы өзімізге қажетті ұпайды еншіледі. Кімнің гол соққаны маңызды емес.

— «Таразда» нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүрсіз. Өзге маусымдарда олай емес еді. Бұған бірнәрсе әсер етті ме?

— Мен алдында ойнаған командада шабуылшы болдым. Айырмашылығы осында ғана. Ал мұнда менде жаңа позиция – сол қапталдағы жартылай қорғаушы. Мүмкін бапкерлер осы тұста ойнағанымды жөн санаған шығар.

— «Ордабасы» командасының легионері Жоао Пауло Қазақстан ұлттық құрамасына ойнауға дайын екендігін айтып қалды. Егер сізге осындай ұсыныс түссе, қалай қабылдар едіңіз?

— Неге ойнамасқа?! Кез келген ойыншыға елдің бас құрамасында ойнап, халықаралық аренада намысын қорғау – зор мәртебе. Егер менде мұндай мүмкіндік боп жатса, Қазақстан құрамасы сапында елдің намысын қорғауға тырысатын едім, — деді Педро Эуженио.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.