Талас ауданында 3 762 адам жұмыспен қамтылған

0 8

Талас ауданында бүгінде 54 743 адам тұрып жатса, халықтың орташа айлық жалақысы 19,7 пайызға өскен. Өткен жылы ауданда 3 762 адам жұмыспен қамтылған, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Былтыр жалпы әлеуметтік көмек түрлеріне 256 миллион 489 мың теңге қаралса, 223 миллион 623 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекке 660 отбасы қол жеткізген.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 312 отбасындағы 576 балаға берілген. 10 миллион 679 мың теңге көлеміндегі біржолғы әлеуметтік көмек 117 адамның қолына тиіп отыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 46 адам мерзімдік кәсіптік оқытуға жолданып, «Бастау Бизнес» жобасымен 229 тұрғын оқып шыққан.

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы сертификат алған 12 азаматқа несие және 135 адамға қайтарымсыз грант берілген.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 30 миллион 866 мың теңге бағытталса, осы арқылы 166 адам екі қолға бір күрек тапқан. 186 өтінім білдіруші «Жастар практикасына» жіберілсе, қоғамдық жұмыс орындарына 1016 адам тартылған.

Жұмыс күші тапшы өңірлерді мамандармен қамтамасыз ету бойынша Павлодар облысына 5 отбасы (15 адам), Солтүстік Қазақстан облысына 1 адам және Қостанай облысына 4 отбасы (12 адам) қоныс аударған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 миллиард 593 миллион 305 мың теңге игеріліп, 67 нысанның құрылысына жұмыспен қамту орталығы арқылы 641 адам жолданған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.