«Шырқа, даусым» Х Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы басталды

0 14

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Х Республикалық «Шырқа, даусым» дәстүрлі әншілер конкурсы өз шымылдығын түрді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Конкурс сақтық шараларына сәйкес телевизиялық онлайн форматта өтуде.

Конкурсқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Семей, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Балқаш, Атырау, Тараз қалалары мен облыстарынан және Қытай Халық Республикасынан жалпы 30 өнерпаз қатысуда.

Конкурс ІІ кезеңнен тұрады. Үміткер әндерді ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.

І кезеңде үміткер ереже тізімінде көрсетілген К.Әзірбаевтың кез-келген бір әнін және өз таңдауында Ж.Жабаевтың әнін немесе ақынның өлеңіне жазылған бір шығарманы орындайды.

ІІ кезеңге 17 өнерпазға жолдама беріледі. Бұл кезеңде үміткер екі ән орындайды, яғни бірі — өз таңдауы бойынша халық әнін немесе халық композиторларының әні және ереже тізімінде көрсетілген К.Әзірбаевтың әндерінің бірін жеребе тарту бойынша орындайды.

Осы жылғы конкурста ақынның еш жерде орындалмаған және соңғы шығарған әндері орындалуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.