Марат Сұлтанғалиев Жайылма ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

0 17

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Жайылма ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ең алдымен аудан басшысы Жайылма ауылына кіре беріс Қ.Байзақов көшесінде орналасқан шағын саябақтың жұмысымен танысты. Ауылдық округ әкімі Ж.Смағұлов шағын саябақтың атын «Ұрпақтастар аллеясы» деп атау жөнінде ұсынысын айтты.

Бұл жерде Соцалистік Еңбек ерлері және кезінде Жайылма ауылдық округінің өсіп өркендеуіне үлес қосқан Құрметті азаматтарының бюст тақтайшаларын орналастырылу жоспарланып отырғандығын айтты.

Содан соң Жайылма ауылындағы «Айнаш Отарбаева» атындағы саябақтың жұмысымен танысып, ондағы жаңадан егілген жеміс талдарының жай күйін көріп танысты. Ауылдық округ әкімі Ж.Смағұлов А.Отарбаева саябағына сахнасын қайта қалпына келтіру, орындықтар қою, жарық шамдарын орналастыру және асфальт немесе тас (брючатка) төсеу жұмыстарына жасалған сметалық құжаттарға сәйкес қаржы қарастырып беруге ұсыныс жасады.

Аудан әкімі М.Сұлтанғалиев Жайылма ауылы, А.Әшімов көшесі тұрғыны, денсаулық сақтау саласының ардагері, «Батыр ана» З.Алимбаеваның үйіне барып хал-жағдайын сұрап, тыныс-тіршілігімен танысып «Нұр Отан» партиясы атынан әлеуметтік пакет ұсынды.

Сонымен қатар ауыл жастарының «Батыр ана» З.Алимбаеваның үйіне тазалық жұмыстарын жүргізу және егістік жерлерін аударып беріп жатқанына ризашылығын білдірді.

Жайылма дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының алдына Ауыл ардагерлерімен бірге арша талдарын отырғызу жұмыстарына қатысты.

Осы жерде ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Қажыкенов бастаған ауыл қариялары, аудан әкімінің жұмыстарына табыс тілей отырып баталарын берді.

Бұдан кейін аудан әкімі Жайылма ауылындағы «Ысқақ Пірадар» мешітінің жай күйімен танысты. Сондай-ақ, Маятас ауылындағы «Бүркітті» су каналына барып жай-күйімен танысып, 2020 жылы жаңадан салынған 1,5 шақырым науа (лоток) ауыстыру жұмыстарының құрылысын көрді.

Жұмыс сапарының соңында М.Сұлтанғалиев Маятас ауылына жаңадан салынған тұрмыстық қатты қалдықтар тастау орнының құрылыс жұмыстарын көріп, жай-күйімен танысты.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.