Сарысу ауданының әкімі Түркістан ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

0 15

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Түркістан ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Округтегі жұмыс сапары барысында аудандағы туризм саласын дамыту мәселесі қозғалды. Осы мақсатта аудан әкімі М.Сұлтанғалиев Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылына келіп, Үшбас өзенінің бойындағы бұлақ басында болды.

Содан кейін Үшбас ауылына барып «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабында егілген талдарың жай-күйін көрді. Үшбас ауылының жанында орналасқан, киелі жер саналатын «Қамыр әулие» бұлағын көріп, тарихымен танысты.

Аралау барысында «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабының қарсы бетінен «Питомник» өсімдіктердің екпе көшеті мен тікпе көшетін шығарумен айналысатын шаруашылық ашу жөнінде ұсыныс айтты.


Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.