Егер екпе жасалмаса, індетті бүкіл дүние жүзінің халқы жұқтыруы мүмкін. Вакцина қолданылғаннан кейін вирус біржола жойыла ма, оны айту да қиын.
Індетке қарсы тұру үшін бізге көптен қалыптасқан менталитетімізді өзгертуге тура келеді.
Яғни көп болып жиналып, мерекелерді атап өтуден, қонаққа барудан бас тарту керек.
Қашықтан қарым-қатынас жасауға да болады ғой. Үйде оқшауланып, көшеге шыққанда, қоғамдық орындарға барғанда, маска тағу керек.
Сондықтан өзім бірінші болып, екпе салдырдым.
Қайрат Әжібеков, Сарысу ауданы