«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы азаматтардың қоғамдық қабылдауларда көтерген мәселелерін мұқият қарап, оларды оң шешуді назарында ұстайды. Соның нәтижесінде соңғы 2 жылда партияның аудандық филиалына талап-тілегін жеткізіп келген жамбылдықтардың 83 пайызының өтініші қанағаттандырылған екен, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Бұл жайында «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ХХVIII есеп беру-сайлау конференциясында Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов баяндады.
– Азаматтардың түрлі мәселесінің шешімі табуда партияның диалогтік алаңына айналған аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес есепті кезеңде 395 қабылдау өткізіліп, 4894 азаматтан 5108 өтініш түскен. Азаматтар тарапынан түскен мәселелердің 83 пайызы оң шешімін тапты. Қоғамдық қабылдауға келушілердің дені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, тұрғын үймен қамтамасыз ету және еңбек қатынастары мен еңбек төлемдері сынды әлеуметтік мәселелерді көтерген. Қоғамдық қабылдауларда көтерілген мәселелердің шешімін табуда жомарттық жасап жүрген жандар да бар. Мәселен облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Сағынтаев өз қаражатынан құны 1 миллион теңге болатын мүгедек балаларды бейімдеуге арналған арнайы құрал-жабдық сатып алып берді. Сондай-ақ партияның аудандық филиалының ықпалымен Гродеково ауылының тұрғыны Р.В.Пастернактың үйінің су құбыры жөнделді. Аса ауылының тұрғыны Ж.Булекбаева Б.Момышұлы атындағы орта мектепке бастауыш пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасса, Аса ауылының тұрғыны, аз қамтылған Жайылғановтар отбасы қыс айларында көмірмен және азық-түлікпен қамтамасыз етілді, – деді Рүстем Қалмұхамбетұлы.
Жиынға аудан әкім, партия аудандық филиалыны төрағасы Сәкен Арубаев пен бірге «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшеcі Рүстем Бегалиев те қатысты.
Конференцияда сондай-ақ делегаттар «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын сайлау, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХVIII-ші есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселелері бойынша ортақ шешімге келді.