Талас ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 621 миллион теңгеге 2 тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізілуде
Талас ауданында өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 7 млрд 611 миллион теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда ол 103,8 пайызға артқан. Нәтижесінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 18 219 шаршы метрді құрап, 2 есеге жоғарылаған, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Жол жайы да тиісті бөлім басшыларының бақылауында. Аудандық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстарына 672 миллион теңге бөлінген. Жалпы «Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде Ерназар – Қойгелды көшелерінің 11,4 километрін орта жөндеуден өткізу үшін 70 миллион теңге қаралған.
Аудан әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Жаманбаевтың айтуынша, ауданда үй кезегінде тұрған тұрғындар саны 1740 адамды құраған. Пәтер кезегінде тұрғандар санын азайту мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 621 миллион 414 мың теңгеге 2 тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Қаратау қаласындағы №3 ықшамаудандағы 44 пәтерлі №4 жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кезекте тұрған азаматтарға уақытша пайдалануға беріліп отыр.