Бақыт Қазанбасов байзақтықтарды мерекемен құттықтады

0 1

Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов байзақтықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Қымбатты аудан тұрғындары!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін қымбат. Бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың арқасында Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемге танылды.

Ұлтаралық бірлік пен келісімді сақтау мен нығайтуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқаруда. Ассамблеяның ХХІХ сессиясында Елбасы мемлекеттік саясат пен ұлттың жаңа біртектілігі тұжырымдамасы іске асырылатын қағидаттарын атап өтті.

Ел қуаты — бірлікте. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Татулық пен келісім саясатын лайықты жалғастырып, дамыта түсу — баршамыздың ортақ парызымыз»,- деп атап көрсеткеніндей, татулықты нығайтуға аудан халқы да үлесін қосып келеді. Бүгінде ауданымызда 30-дан аса ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 5 ұлттық-мәдени орталықтар түрлі деңгейдегі шараларға белсене қатысып келеді.

Құрметті аудан тұрғындары!
Мерейлі мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жетістіктер мен құт-береке, ал біздің ортақ үйіміз Қазақстанымызға бейбітшілік пен өркендеу тілеймін» — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.