Жерлесіміз «Санкт-Петербург губернаторының кубогын» иеленді

0 1

Санкт-Петербург қаласында өткен «Санкт-Петербург губернаторының кубогы» халықаралық турнирінде бас жүлдені иеленген Асланбек Шымбергенов Байзақ ауданы әкімінің қабылдауында болды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Байзақ ауылында дүниеге келіп, Ж.Үшкемпіров атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттыққан спортшымыз, осы күнге дейін үлкен жетістіктерге жеткен. Қазақстан біріншілігінің 2 дүркін чемпионы, Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері.


Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы еліміздің көк туын халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген спортшыға сый – сияпатын табыстап, Олимп шыңын бағындыруға тілектестігін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.