Мәден Мұсаев аудан тұрғындарына «Ауызашар себеттерін» үлестірді

0 3

Биыл Қасиетті Рамазан айы айтулы мереке Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен тұспа тұс келіп отыр. Осы негізде бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев ауданның ораза ұстаған 50 тұрғынына «Ауызашар себеттерін» үлестірді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бұл игі шараға ауданның бас имамы Рысбай Еспенбетов пен ауылдың ерікті жастары қолғабыс жасады. Рамазан айында жасалған әрбір қайырымды істің сауабы мол болмақ.

Еліміздегі карантиндік талаптарға сәйкес ауызашар дастарханының орнына азық-түлік түрінде жасалған ауызашар себеттері көмекке мұқтаж және ораза ұстаған азаматтарға үлестіріліп берілді.

Өз кезегінде «Ауызашар себетін» алған ауыл тұрғындары аудан басшысының бұл игілікті ісіне ризашылықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.