Сарысу ауданының әкімі 50 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты

0 3

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Осыған орай Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев қайырымдылық акциясы аясында 50 отбасыға азық-түлік пакеттерін таратты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

«Жанашырлыққа жан риза» дегендей, мұқтаж жандарға жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі де осы қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады.

Сондықтан сіз де жақсылық жасаудан кешікпеңіз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.