Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа жылжымалы диагностикалық комплекс 18 ауылда болып, 10145 адамды тексеруден өткізген, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың айтуынша, өткен жылы аудандық орталық ауруханаға 213,9 миллион теңгенің медициналық құрал жабдықтары алынған. Атап айтсақ, аудандық емханаға цифрлы флюроаппарат, реанимация бөліміне жылжымалы рентген аппараты, функционалды төсектер, перзентханаға нәрестелер инкубаторы және тағы басқа құрал-жабдықтар алыныпты.
Сондай-ақ ауруханаға жаңа жылжымалы диагностикалық комплекс берілген. Ол ауданның шалғай елдімекендеріндегі тұрғындарға бейінді мамандардың кеңесін беруді, тексерілуін қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда аталған кешен 18 ауылда болып, 10145 адамды тексеруден өткізген.
Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Өрнек және Луговой ауылдарындағы емдеу мекемелері күрделі жөндеуден өткізіліп отыр.