Бүгінде Жамбыл ауданының орталығында кезекте тұрған 811 азаматқа жер телімін үлестіру үшін мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы сметалық құны 390 млн 533 мың теңге бөлінген. Бұл дерек аудан әкімі Сәкен Арубаевтың аймақтағы бірқатар құрылыс нысындарын аралау барысында айтылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Аталған қаражатқа алқапты тек газбен қамту жұмыстары жасалады. Құрылыс жұмыстарын қолға алған «ҚазМұнайҚұрылыс» тамыз айының соңына дейін жер телімі халық игілігіне беріуге міндетті. Ал таза ауызсу жүргізу үшін «Темир-Строй Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 441 млн 459 мың теңге көлемінде қаражатты игермек. Мердігер жұмысты жыл соңында аяқтамақ. Мұндағы жұмыстарды қарап шыққан Сәкен Қаланұлы мен Рүстем Әлішұлы сапаға көңілді бөлу керектігін мердегердің есіне тағы салды.
Аудан әкімінің құрылыстарды аралау барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшынбетов, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев бірге жүрді.