Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев пен қоғамдық кеңестің төрағасы Бесжылдық ауылындағы жаңа тұрғын үй алқабын электр желісімен қамтамасыз ету құрылысының жұмыстарын көрді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Еске сала кетсек, мұнда өткен жылы 110-нан астам жер теліміне газ, су жүргізілген. Енді жарық жүйесі аяқталса, жер телімі үлестіріледі.
Құрылыстың жыл басынан басталса, жоспар бойынша осы айдың соңында аяқталу керек.
Жарықпен қамтуға 49 млн теңге жұмсалған. Жұмысқа жауапты «Д & К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сондай-ақ аудан басшысы техникалық қадағалаушылардың жұмысы қарбаласта болу керектігін, сапаға айрықша көңіл бөлу керектігін тағы еске салды.
Аудан әкімінің құрылыстарды аралау барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бахыт Садырбаев, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев бірге жүрді.