Талас ауданында соғыстың соңғы майдангеріне құрмет көрсетілді

0 13

Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіс жолында жанқиярлық танытқан майдангерлердің қатары жыл сайын кеміп келеді. Бүгінде Талас ауданы бойынша қанды қырғынды көзбен көріп, оқ пен оттың ішінде болған бір ғана майдангер бар. Ол-Мария Бурулева. Биыл жасы 95-ке шыққан ардагердің шаңырағында болған аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев, аудан әкімінің орынбасарлары Қайрат Серимов, Төрехан Қойлыбаев, Роман Қырықбаев және қала әкімі Мақсат Рысбаев мерекелік тілегін білдіріп, құрмет көрсетті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

— Жеңіс күні Отан үшін кеудесін оққа тосқан батырмен бірге қарсы алу-бүгінгі ұрпақтың бақыты. Сондай сәтті бізде бастан кешіріп отырмыз. Сіздердің ерліктеріңізбен келген Жеңіс күні құтты болсын! — деген Қадірбек Рысқұлбекұлы аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің құттықтауын жеткізді.

Өз кезегінде қарт майдангер көрсетілген ілтипатқа ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.