Ақкөлде «Тәуелсіздік аллеясы» ашылды

0 3

Мерейлі мерекеде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талас ауданы Ақкөл ауылында Ақкөл орта мектебінің 2001 жылғы түлектері тарту еткен «Тәуелсіздік аллеясының» ашылу салтанаты болып өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Аталмыш шараны аудан әкімі Қанатбек Мәдібекұлы ашып беріп, ат төбеліндей ауылға таудай тарту жасап, тындырымды тірлігімен халықтың алғысына бөленген түлектерге алғыс білдірді.


Ақкөл орта мектебін әр жылда бітірген азаматтар ерен еңбегінің жемісін еліне арнап, нәсіліне дарыған дағдысы бойынша жыл сайын түрлі жобалар жасап келеді. Атап айтар болсақ, былтыр 2000 жылы мектеп бітіруші түлектер 2,5 млн теңгені құрайтын Аса өзеніндегі ескі көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізсе,1973 жылғы түлектер, яғни 30 жылдықтар жобалық құны 5 млн. теңге болатын Атшабар алаңын халық игілігіне соғып берді. Ал биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толып отырған түлектер 7 млн. теңгеге ескі алаңды қайта жаңғыртты. Сондай-ақ, мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер де туған жерін гүлдендіруге атсалысып, құны 4.5 миллион теңгені құрайтын «Түлектер» саябағына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, стрит воркауд алаңшасын жаңадан салдырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.