Мойынқұм ауданында атақты шопанға бюст ашылды

0
118

Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылында Әлтай Төлепбергенов мектебінің жанында атақты шопан Әлтай Төлепбергенұлына арналған бюст қойылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов, аудандық мəслихат хатшысы Бақытжан Қалымбетов, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков, аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев, Ә.Төлепбергенұлының жұбайы, батыр ана Төлеукүл апа, ұл қыздары және замандастары мен ауыл тұрғындары жиналды.

Жиында алдымен аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов сөз сөйлеп, атақты шопанның өмір жолы, ауданға сіңірген еңбегі жайлы баяндады.


Бұдан кейін аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков ескерткішті салтанатты түрде ашты. Жиналған қауым ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, Әлтай Төлепбергенов мектебіндегі атақты шопанға арнап жасалған музейдегі қойылған жәдігерлермен танысты.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here