Мойынқұмда «Жыл мұғалімі — 2021» байқауы өтті

0 17

Мойынқұм ауданы Экологиялық орталығының мұғалімдері арасында «Жыл мұғалімі — 2021» байқауы өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Байқау мұғалімдердің біліктілігін, өз кәсібінің жан- жақты шебері екенін шыңдау мен өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, дарынды педагогтарды анықтау және мұғалім мамандығының беделін көтеру, он имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Аталған байқау төрт кезеңнен тұрып, 8 мұғалім қатысты.

Байқау соңында “Жыл мұғалімі — 2021” байқауының жеңімпазы “Жас натуралист” үйірмесінің жетекшісі Мира Жылқыбаева иеленді. 2 орынды “Аквариумшы” үйірмесінің жетекшісі Мереке Қасенова, 3 орынды “Тау туризмі” үйірмесінің жетекшісі Арсен Несіпбаев мен “Гүлдер әлемі” үйірмесінің жетекшісі Маржан Амангелді иеленді.

Байқау жеңімпаздарын мекеме басшысы М.Ерғазыұлы арнайы дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Байқау санитарлық талаптарға сай өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.