Қазіргі таңда санитарлық талаптарды бұзу фактілерінің басым бөлігі демалыс және мереке күндері тіркелуде. Күні кеше оқу жылының аяқталуына байланысты Тұрар Рысқұлов ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен рейдтік шаралар бойынша құрылған мониторингтік топтар бірнеше нысандарды аралады, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Рейдтік шара мектеп бітіруші түлектер мен аудан мектептерін 10,20,30 және 40 жыл бұрын бітірген түлектердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамай, той-жиын жасауының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, кейбір мейрамханалар мен демалыс орындарында тәртіп пен талаптың орындалмағаны анықталды.
Мобильдік топ тарапынан той тарқатылып, той иелеріне хаттама толтырылып, тиісті мекемеге жолданды