Мойынқұмда «Жомарт түлек 2021» аудандық форумы өтті

0 20

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінде «Жомарт түлек 2021» аудандық форумы өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Форумның мақсаты – түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген Республикаға, облысқа және ауданға белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, түлектерді туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру.

Карантинге байланысты ықшамдалған шараға 36 түлек қатысса, 20 түлек онлайн форматта қосылды.

Форумды аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов ашты. Бұдан кейін аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов, Ә.Төлепбергенов мектебінің түлегі, Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген Қайраткері Асылхан Шүңіреков, М.Жұмабаев мектеп-лицейінің түлегі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық қызметкерлерінің біріккен жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағсы Бәкен Бейсебаевтар сөз алып, аталмыш шараның маңызыдылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, аталған шара дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар жиында Жамбыл мектеп гиназиясының түлегі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мұғалімі Жұлдыз Саурықова бейнеүндеу жолдады.

Кездесу соңында «Әйгөлек», «Еркеназ» би топтары «Күй шашу», «Қыз назы» билерін билесе, ал Мәдениет үйінің әншілері Ақжан Мәмбеталиев пен Төлеби Жексенбек «Мен қазақпын», «Рахмет саған туған ел» әндерін орындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.