Биназар ауылында «Жомарт түлек» кездесу кеші өтті

0 102

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Мойынқұм ауданы, Биназар ауылы, Ораз Жандосов орта мектебінің ұйымдастыруымен «Жомарт түлек» кездесу кеші өтті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Кештің басты мақсаты – елімізге белгілі түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

«Жомарт түлек» салтанатты жиынына кешегі мектеп түлектері, бүгінгі түрлі саладағы маман иелері қатысты. Сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жетістікке жету тәжірибесімен және туған ауылдары туралы естеліктерімен бөлісті. Олардың бірқатары арнайы келіп қатысса, кейбіреулері аудио, бейнежазбалар арқылы жылы лебіздерін білдірді және білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.