Майтөбе ауылында футбол алаңшасы ашылды

0 14

Талас ауданы Майтөбе ауылында футбол алаңшасы ашылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында 18 млн. теңгеге салынған футбол алаңшасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту етіліп отыр, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аймақтағы бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, ауыл жастары үшін жағдай жасап, осы алаңды салуға күш салған кәсіпкер Еркінбек Қуатбековтің ерен еңбегі ел мерейін үстем етуде.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Берікқара ауылдық округінде бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының 32,5%-ы, яғни 740 адам спортпен шұғылданады. Соның ішінде 14 жасқа дейін 157, 14-29 жас аралығында 270, 29 жастан жоғары 313 азамат сан салалы спорт түрлерімен шұғылданады. Ауыл жастары бос уақыттарын футбол және бокс үйірмелерінде өткізеді. Қос үйірмеге жалпы саны 64 бала қатысады. Аядай ғана ауыл үшін бұл үлкен жетістік. Сол себепті, келешекте дүбірлі додаларда топ жаратын ұландарымыз үшін қазірден бастап жағдай жасалып жатыр. Бұған дәлел ретінде ауданымыздың әр түкпірінде көптеп салынып жатқан спорт нысандарын, күнделікті өмірде халықтың саламатты өмір салтына ден қойып отырғанын айтуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.