«Жомарт түлек-2021» жобасына таластықтар белсенді қатысып жатыр

0 7

Облыс әкімінің бастамасымен аймақта жүзеге асырылып жатқан «Жомарт түлек-2021» жобасына таластықтар да белсенді қатысып жатыр, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Атап айтар болсақ, Кеңес ауылдық округіндегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебін бітіргеніне жиырма жыл болған түлектер ауыл іргесіндегі атшабардың сыртын қоршап, көрермен үшін бастырма орнатса, Жамбыл атындағы орта мектепті 2001 жылы аяқтаған түлектер Көшек батыр ауылына кіре беріске арка орнатып, туған жерлерін гүлдендіруге үлес қосуда.

Екі білім мекемесінен бір жылда қанаттанған түлектер балабақшаға ойыншық алып берді. Бұдан бөлек, осы округтегі мектептен 2011 жылы түлеген жастар ауылдық округі әкімі аппараты жанынан ұңғыма қаздырып, медпункке, клубқа және мешітке электр жарығын тартып берді. Одан бөлек, Көшек батыр ауылына стрит воркаут алаңшасын салды.

С.Шәкіров ауылы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектепті осыдан жиырма жыл бұрын бітірген түлектер білім алған алтын ұясына сый жасады. Елге белгілі талай тұлғаларды қанаттандырған білім ошағының ауласын қоршады. Ал, осы мектепті 2011 жылы бітірген түлектер жергілікті тұрғын Д.Қызылбаевтың отбасына бұзаулы сиыр алып беріп, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.