Сарысу ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

0 1

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Өз кезегінде, тұрғындар алаңдатқан маңызды мәселелерді қозғап, тиісті өз сауалдарын жолдады.

Тұрғындар тарапынан тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру, ауыз су, кезекпен үй беру, тұрақты жұмыспен қамту мәселелері қозғалды.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Сөз соңында тапсырмалардың орындалуын жіті бақылауында ұстайтынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.