Тұрар Рысқұлов ауданында 12 мобильді топ жұмыс істеуде

0 6

Т.Рысқұлов ауданы бойынша COVID-19 коронавирусты жұқпалы ауруымен ауырып жатқан  науқастарды, коронавирусты инфекциясына күдікті және жедел респираторлы  аурумен ауырып жатқан  адамдарға медициналық көмекті,  амбулаторлық қадағалап- қарауды ұйымдастыру  үшін 12 мобильді топ құрылған болатын. Аудандағы 42 елдімекенде ағымдағы жылы 6366  медициналық көмек  көрсетілген, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Айта кетейік әр мобильді топ құрамында жалпы тәжірибелік дәрігер, орта буынды қызметкер мен санитарлық автокөлік жүргізушісі болады.

Мобильді топтың қызметіне — жағдайды одан әрі қашықтан бақылау, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу, үйде стационарлар ұйымдастыру, көрсетілімдер бойынша ПТР-ға анализ алу. Содан кейін медициналық құжаттарды, аурухана парағын рәсімдеу, рецепт жазып беру және т. б. кіреді.

Ауру белгілері болған жағдайда өкпені тексеруге компьютерлік томографияға жолдама беріледі. Сонымен қатар, мобильді топ үйдегі оқшаулауды сақтау үшін тұрмыстық жағдайын және отбасы мүшелерінің науқасқа күтім жасау мүмкіндігін бағалайды. Үй карантиніне жағдай болмаса, инфекциялық стационарға жатқызу мәселесі шешіледі.

Айта кететіні, ауруханадан шыққан науқас 14 күн учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.