Т.Рысқұлов ауданы бойынша коронавирус індетіне қарсы екпе жасау жұмыстарын өткізу үшін 6 екпе жасау бригадалары жасақталды. Жылжымалы екпе бригадаларының күшімен Тереңөзек, Ақыртөбе, Қонаев, Құмарық, Қорағаты, Қызылшаруа, Луговой, Қарақыстақ, Әскери қалашық, Өрнек, Тасшолақ, Қазақ және басқа да елді мекендерінде вакцина салынуда, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Жылжымалы егу бригадалары халыққа қолжетімді жерлерде және шалғай ауыл-аймақтарды аралап коронавирусқа қарсы вакцина салу ісін жалғасын табуда.
Жалпы алғанда аудан бойынша вакцина жасауға мақсатты топ — 30223, ол ересек тұрғындардың 80,4 пайызын құрайды. Ақпан-1 маусым айлары арасында ауданда барлығы 6450 доза вакцина алынды. 1 маусымға дейін оның 5622 (алынған вакцинаның-87,2 пайызы) дозасы салынып, жоспарланған мақсатты топтан 18,6 пайызды құрап отыр.