Талас ауданында су тапшылығының алдын алу үшін каналдар жаңартылып жатыр

0 33

Негізінен мал шаруашылығымен аты шыққан Талас ауданы соңғы кездері егістік саласына да ерекше мән беруде. Биыл дала еңбеккерлері үшін арық атыздар тазаланып, басты каналдардың науасы жаңаланып жатыр, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Көктемгі әрбір күні жылға азық екенін жақсы білетін олар масақты дәнді- дақылдарды егіп бітіп, енді көкөніс пен бақша дақылдарын орналастыруға кіріскен. Осы кезге дейін су тапшылығы шаруаладың шындап егіспен айналысуына қолбайлау болып келген. Енді міне бұл мәселе түпкілікті шешімін таппақшы. Талас ауданындағы Тамды каналын қалыпқа келтіру осыдан үш жыл бұрын басталған екен. Нақтырақ айтқанда 2019-2020 жылдары 6 шақырымдық жері жөнделсе, биыл да жалғасын табуда. Шет-шеті кетіп, түбі шұрық тесілген ескі науалар жаңасымаен алмастырылып жатыр.

Ақшұңқыр егістік алқабында 1300 гектар жер болса, онда 22 шаруашылық ақ егіспен қатар, мал азығы жоңышқа, көкөніс және бақша өсірумен айналысуда екен. Жалпы басты каналдармен қатар, оның барлық тармақтары -арық атыздар да тазаланып жатыр.

Су қоймаларына да жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жан-жақтары бекітіліпті. Оның өзі тиісті мөлшерде суды жинап, жаз бойы біртіндеп бөліп отыруға мүмкіндік бермекші. Соның арқасында өңір бойынша көкөніс пен бақшаға ден қойған шаруалардың қатары артып, егістік алқабтың көлемі де көбейіп келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.