Таласта мал төлдету науқаны жүріп жатыр

0 7

Талас ауданы Жамбыл облысындағы мал шаруашылығы дамыған өңір. Мұнда қой басы жыл сайын артып, ет экспортының көлемі 10 млрд. теңгеден асты. Қазір мал төлдету науқанын жүргізіп жатқан шаруашылықтар биылғы қыстың жайлы болғандығын айтады. Бүгінде Қызыләуіт ауылында орналасқан «Еламан» шаруа қожалығы 100- қойдан кемінде 95 қозы алмақшы, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

«Еламан» шаруа қожалығы осыдан 2 жыл бұрын 500 қойды бордақылауға арналған заманауи кешен салды. Ондағы мақсаты, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын байлап, облыс тұрғындарын етпен қамту. Бүгінгі таңда бастама сәтті жүзеге асып, шаруашылық алты отбасын жұмыспен қамтыған. Мемлекет көмегімен алда мұнда электр жарығын тартсақ 5000 бастық мал бордақылау кешенін саламын дейді шаруа.

Қазір шаруалар құмнан барлық қойды айдап әкеліп, Қызыләуіт ауылы маңындағы Қарашеңгел жайлауына орналастырды. Ондағы мақсат, малды төлдетіп алу. Сақпан маусымы кезінде мұнда жұмысшылар саны екі есе көбейеді. Себебі, әр төлге жеке мән бермесе болмайды. Биыл Таластық шопандар 100 қойдан 95 тен 100 ге дейінгі аралықта қозы алуда. Бұл жоғары көрсеткіш.

Таластағы табысты тірлік мұнымен шектелмейді. Биыл да ауданда бірнеше жаңа мал бордақылау кешендері салынады. Ал, сақпан мерзімі сәтті аяқталса шаруалар малды жазғы жайлауға айдамақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.