Қордай ауданында құлпынай жиналуда

0 6

Сарыбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Надежда-1» шаруа қожалығы құлпынай алқабынан 13 тонна өнім жинап, облыс нарығына өткеруде. Терімге 65 жұмысшы тартылған. Биыл қожалық 11 гектар алқаптан 60 тонна өнім жинау жоспарлануда, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ауданда құлпынай жинау басталды. Қазіргі таңда Сарыбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Надежда-1» шаруа қожалығы көш бастап келеді.
Тәжірибелі агроном, агроқұрылым басшысы Константин Эмнің айтуынша, бүгінгі таңда қожалық барлық күшті құлпынай жинау жұмысына жұмылдырған. Қазірдің өзінде шаруашылық құлпынай алқабынан 13 тонна өнім жинап, олыс нарығына өткерген. Терімге 65 жұмысшы тартылған.

Былтыр қожалық 5 гектар құлпынай алқабынан 50 тонна өнім жинаған болса, биыл оның гектары 11 гектар алқапқа ұлғайып, 60 тонна өнім жинау жоспарлануда.

Жиналған өнім еліміздің барлық облыс орталықтарына алқаптан арнайы көліктермен тікелей жөнелтілуде. Адам ағзасына зиянды химиялық қоспасы жоқ құлпынай табиғи жағдайда өсірілген таза өнім болып табылады. Мұнымен қоса, агроқұрылым ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайту және егіс алқаптарын әртараптандыру ісіне айтарлықтай үлесін қосып келеді. Шаруашылық әрі қарай құлпынай өндірісін одан әрі ұлғайтып, өнімді экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, алдағы уақытта алқапқа тамшылатып суару технологиясын енгізуді мақсат етіп отырған қожалық жеміс-жидек пен көкөніс өсіруді қолға алмақ ниетте.

— Бізде таңқурай, құлпынай, пияз, сарымсақ, алма өсіруге қолайлы жағдай бар. Алда құлпынайдан бөлек, басқа да жеміс-жидек пен көкөністі өсіру жоспарымызда бар. Жалпы оларды бұрын да өсіргенбіз. Енді соның бәрін қайта қолға алып, аудан және облыс экономикасының дамуына үлес қосу ниетіміз. Сөйтіп экспортқа да өнімімізді шығармақпыз, — дейді қожалық жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.