Дендеген дерттің алдын алудың жалғыз жолы — жаппай вакцина салдыру

0 0

Байқадам ауылдық округ әкімі аппаратының барлық қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе алды. Вакцина салдыру — әрбір қызметкердің жеке қауіпсіздігі ғана емес, сонымен бірге барлық ұжымның қауіпсіздігі, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Әрбір адам екпені алу туралы шешімді денсаулығына және медициналық көрсеткіштерге байланысты қабылдайды.

— Дендеген дерттің алдын алудың жалғыз жолы — жаппай вакцина салдыру, сондықтан барша ауыл тұрғындарын екпе салдыруға шақырамыз! — дейді Байқадам ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.