Жамбыл ауданында «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өз жемісін беруде

0 21

Жамбыл ауданында «Ішімдіксіз ауыл» жобасы бастау алған болатын. Осыған орай жобаны іске асыру мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері Ақбұлым, Айшабибі, Қара­төбе ауылдық округтерінде тұрғындармен жүзде­сіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Аталған жоба жемісін беріп те үлгерді. Рамазан айында Жамбыл ауылдық округіне қарасты елді мекендер ішімдіктен бас тартып, көпшілікке үлгі көрсеткен болатын.

— Елімізде ішімдіктің салдарынан қаншама жантүршігерлік қылмыс­тар орын алуда. Отбасындағы кикілжің, ұрыс-жанжал, ажырасу­лар­дың да себебі ащы суға келіп тіреледі. Жас буынды осы зиянды әдеттен арашалау – бәрімізге ортақ парыз. Жастарымыздың дені сау болса, еліміздің де келешегі жарқын болмақ. Сол үшін де баршаңызды осы жобаға қолдау білдіруге шақырамыз, – деді басқосуда сөз алған «Аса адал­дық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандар Тоқсаба.

Сондай-ақ, топ мүшелері дүкен иелеріменде жолығып, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.