Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округте адалдық елшілері жұмыс жасауда

0 3

Бармақ басты әрекеттерді болдырмау мақсатында Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округте адалдық елшілері құрылған. Осыған орай аудан әкімі Сәкен Арубаев адалдық елшілерімен арнайы жүздесуді жөн көріп, әкімдіктің кіші мәжіліс залында өткен ашық сұхбат алаңына қатысты. Елшілердің негізгі жұмысына назар аударып, олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Бүгінде адалдық елшілері тұрғындарды ауыл-аймақта қолға алынған игіліктер туралы сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге, қайырлы амалдардың төбе көрсетуіне, келеңсіз оқиғалардың оңтайлы шешілуіне септігін тигізуде. Олар жұртшылықтың сауалдарын тиісті сала басшыларына уақытылы жеткізіп, мардымды жауап қайтарып, бағыт-бағдар беруде.

– Аудан жастарының қоғамға пайдалы жұмыстармен айналысып жатқаны көңіл қуантады екен. Ізгіліктің жалауын көтерген адалдық елшілерінің жұмысы жауапкершілікті аса қажет етеді. Болашақ жастардың қолында дегеніміз осы. Жергілікті басылымнан, әлеуметтік желілерден елшілердің аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың талапқа сай орындалу барысын сондай-ақ, «Ішімдіксіз ауыл» жобасының жандануына үлес қосып жатқанын байқап жүрміз. Мұндай жұмыстарға алдағы уақытта жергілікті әкімдіктен қолдау көрсетілетін болады. Елшілердің арасынан белсенділік танытқан азаматтар лайық марапатқа ұсынылмақ, – деді кездесуде Сәкен Қаланұлы.

Басқосуда елшілер қоғамға қажетті жұмыспен айналысу ардың ісі екенін айтып, арнайы қабылдау жасаған аудан басшына алғысын білдірді.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов, «Аса – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандар Тоқсаба қатысып отырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.