Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жыл сайын 20 пайызға төмендеуде

0 0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ ұйымдастырған «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» тақырыбындағы онлайн-семинарға қатысты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Семинарды «Жаңару» РҚБ төрағасы, еліміздің қоғам және саяси қайраткері Оралбай Әбдікәрімов жүргізіп отырды.

Өз кезегінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев шараның маңыздылығына тоқталды.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық даму басымдықтарының бірі екенін баса айтқан болатын. Бұл тұрғыда бірқатар маңызды міндеттер жүзеге асырылды. «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша күнделікті жүйелі жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік саясат сыбайлас жемқорлық көріністерінің салдарымен емес, олардың алғышарттарымен қарсы күреске бағытталған. Халық арасында әлеуметтік сауалнамалар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаулар жүргізіледі. Ашық бюджеттердің интерактивті картасынан әрбір адам мемлекеттік органдардың қаражатты қалай игеріп жатқанын көре алады. Мұның бәрі азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту үшін жасалуда. Олардың санасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне деген төзбеушілік қасиетін күшейту маңызды, — деді Бердібек Сапарбаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев ведомство қоғамдық институттармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

«Nur Otan» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестердің отырыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер көтеріліп, бизнес пен инвестицияларды қорғау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы қолға алынып, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы іске қосылған, ол арқылы барлық адамдарға мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарларынан хабардар болуға мүмкіндік бар.

Әділхан Әшірбаев облыста сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының саны жыл сайын 20 пайызға төмендеп отырғанын баса айтты.


«Жаңару» РҚБ филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев өз сөзінде қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған «Парасат жолы» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жоба жүзеге асқаннан бері облыс бойынша 190 іс-шара өткізілген. Сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасындағы 274 кітапханада «Парасат жолы» орталықтары ашылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.